«Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Аршалы кентінің Жұмабек Тәшенов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Жумабека Ташенова поселка Аршалы отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектеп кітапханасының жылдық жұмысы

11.06.2020

Мектеп кітапханасының жылдық жұмысы

Жалпы  мектептегі  кітап қоры -  8134

Кітапхана

   2018-19ж

   2019-20ж

Оқулықтар  саны

 

6051

 

 

517

Әдебиеттер  саны

901

920

Жаңа буынның оқулықтары

1598

1578

Әдістемелер   саны

22

22

 

 

 

Электронды  оқулықтар

50

50

Кітап  көрмелер  саны

7

13

Өткізілген  іс-шаралар  саны

16

20

Тақырыптық  жинақ  папкалары

5

7

Жыл  бойы   кітапханаға  келу  саны

6300

6336

Сыныптарға   оқулықтармен  қамтасыз  етіліуі

100%

100%

 

 

 

 

Аз  қамтылған отбасы оқушылары 100%  оқулықтармен  қамтылды.

Жаңадан 4, 9,10 сыныптарға  оқулықтар   келді.

Жыл  бойы  мектеп  кітапханасында  төмендегідей іс-шаралар өткізілді.

       «Ж.Тәшенов   атындағы орта мектеп» КММ- де  Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 02.09.2019 жылы «СЫНДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӨРКЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗІ» атты

Қазақстан халқына Жолдауын  мектеп  кітапхана  меңгерушісі  Назгүл Мәлікқызы      мектеп  ұстаздары мен қызметкерлеріне  жолдауды   таныстырды. Жолдаудағы  негізгі   бөлімдеріне   тоқтала өтті.  Мектеп  басшысы  Байдилдина Гүлнар Мырзахметқызы    білім жүйесіндегі  жаңалықтарды  айтып, білім сапасын жақсартуға басымдықпен қарап , көңіл бөлуді ұстаздарға ұсынды.

Ауыл  мектептерінде тиісті  мамандардың  тапшылығына байланысты

«Дипломмен  ауылға»  бағдарламасын аясын кеңейтіп, жас мамандарды ауылға  тарту  мақсатында  жұмыс жалғасын табады.
Мектеп  ұжымы  өз пікірлерін ортаға салды,  бір  ауыздан  Мемлекет басшысының   Жолдау қағидаларын ықыласпен құп алды және  қолдау көрсетті.

    

«Тәуелсіздіктің ақ таңы» атты «Ж.Тәшенов атындағы орта мектеп»КММ-нің оқушылар шығармашылық көрмесі 

1991 жылы 16 желтоқсанда еліміз егемендігін алды. Еліміз тәуелсіздік бесігінде  тербелгелі  биыл 28 жыл толады. Осы  қамшының  сабындай қысқа ғана уақыт ішінде еліміз етек-жеңің жиып, өз алдына дербес  ел болды .Сол уақыттан бері өз мәдениетімізді, ұлттық салт-дәстүрлерімізді қайта жаңғырттық. Шаңырағымыз биіктеп, керегеміз кеңейді. Алпауыт мемлекеттердің қатарына қосылдық.

Тәуелсіздік  мерекесі  қарсаңында  «Ж.Тәшенов  атындағы орта мектеп» КММ- нің  кітапхана меңгерушісі  Накипова Назгүл Мәлікқызы  «Тәуелсіздіктің  ақ   таңы »   атты  бастауыш  сыныптар арасында  қолдан   ғимараттар  макеттерінен   жасалған  көрме  ұйымдастырды.  Оқушылар  «Нұр –Сұлтан» қаласының  көрікті   ғимараттарын   жасау арқылы  сәулет  өнерінің  мәдени  ерекшеліктерін айқындап,  қыр –сырымен   танысып, қызығушылықпен  құрастырып жасады.

04 ақпан күні мектеп кітапханасында оқушыларға "Руханилықтың мөлдір бұлағы" тақырыбында кітапханашы Н.М.Накипова мен бастауыш сынып мұғалімі Д.С.Сейдабзалованың ұйымдастыруымен С.А.Назарбаеваның өмірі мен еңбек жолдары  және   ұлы   ойшылдардың   нақыл   сөздермен , рухани құндылықтардың   қазынасы  кітап   түрлерімен   таныстырылды.

  

 

  «Ж.Ташенов атындағы орта мектеп»  КММ-нің   мектеп  кітапханасында   Шығыстың   ғұлама  ойшылы,  математик, астролог, музыка теоретигі, Аристотельден  кейінгі  екінші ұстаз  атанған  Әбу Насыр Әл-Фарабидің   1150 жылдығы  және  ұлы ақын, композитор, ойшыл Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына   арналған «Қазақтың ұлы тұлғалары» атты  көрмесі  ұйымдастырылды.

 Кітапхана  меңгерушісі  Нақыпова  Назгүл Мәлікқызы   кітапхананың  қорындағы   М.Әузовтің 1948 жылы басылып шыққан «Абай» романы,                       А. Құнанбаевтың 1951 жылғы «Избранное» кітабы,  1954 жылғы «Стихотворения, поэмы, проза» жинағымен, 1957 ж. жарық  көрген Абай (Ибраһим)  Құнанбаев «Шығармаларының екі томдық толық жинағы» кітабы,  1949 жылғы     А. Пушкин «Таңдамалы шығармалары» жинағындағы «Евгений Онегин» романының  Абай  аудармалары  және      Әбу Насыр  Әл-Фарабидің  нақыл сөздері   туралы   мектеп  оқушыларына  көрмені  таныстырды.

Көрмеге   қойылған    «Абайтану  әліппесі»    атты  балаларға  арналған ұлы   ақынның   шығармалардан    құрастырылған    шағын  топтама  қойылды.     Әбу Насыр Әл-Фарабидің  нақыл сөздері   мен   Абайдың қазақ, орыс, неміс, француз,  ағылшын және  корей  тілдеріндегі шығармаларына  назар аударылды.

«Бір ел- бір кітап»  республикалық   акциясы  бойынша  2020 жылы Шығыс   ғұламасы  Әл-Фарабидің   1150 жылдық   және  Ұлы Абайдың  туғанына 175 жылдық  мерейтойларына   орай   оқылатын  кітаптары:

  1.  Мұхтар   Әуезов   «Абай  жолы»
  2. Әнуар  Әлімжанов «Ұстаздың  оралуы»  атты    көркем  әдебиеттерін  оқуға  шақырамыз.

  

Қазақ аспанынан жарқырап шыққан жарық жұлдыздардың үркердей ұлы шоғырында алдымен есімі аталатын арысы, бәйтерегі- Абай.

Шыңғыстауда дүниеге келіп, әлемді мойындатқан, дала сахнасының төрінен көрініп,  тұтас адамзатқа ортақ биік парасатты мұраттарымен, болашаққа  деген сенімдерімен, бүгінгі  ұрпаққа  ұлылығымен әйгіленген ұлы  тұлға ол-Абай.

Біздің  мектебімізде    Абай Құнанбайұлының 175  жылдығына орай ұйымдастырған  «Абай әлемі» атты  іс- шараны  кітапхана   меңгерушісі Нақыпова  Назгүл   Мәлікқызы  оқушылармен  бірге өз үлесін  қосуда.

Мақсаты:

Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл-мұраларын насихаттап, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Көркем сөйлеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу.

Оқушыларға  Абайдың  өмірі  мен шығармашылығына  байланысты сұрақтар қойып, Абай әлемін  тануға   қызықтыратын іс-шара өткізілді.

14 ақпан  күні «Абай  оқулары»  сайысы  өткізілді. Бас жүлдені 1 а сынып оқушысы мухамедиярова Інжу, 1 орынды  2 а сынып оқушы Ханкелді мен 2 ә сынып оқушысы  Тлеукеш  Кәусар ,3  орынды   Ауғанбай Назым алды.

    

04 ақпан күні мектеп кітапханасында оқушыларға "Руханилықтың мөлдір бұлағы" тақырыбында кітапханашы Н.М.Накипова мен бастауыш сынып мұғалімі Д.С.Сейдабзалованың ұйымдастыруымен С.А.Назарбаеваның өмірі мен еңбек жолдары  және   ұлы   ойшылдардың   нақыл   сөздермен , рухани құндылықтардың   қазынасы  кітап   түрлерімен   таныстырылды. 

Қазіргі  елімізде  орын алып  отырған төтенше жағдай баршамызды  өзгеше жұмыс істеуге  бейімдеп отыр.  Осы  орайда   23 сәуір  Халықара- лық кітап және  авторлық  құқықты қорғау  күні қарсаңында    100 кітап» жобасы  аясында   кітап оқуға  және

“КҮШ БІЛІМДЕ, БІЛІМ КІТАПТА”  атты  әдеби викториналық ойын  онлайн түрінде өткізілді.

Жыл соңында   оқушылардан  оқулықтар жинап  алынып, түптелді.

Просмотров: 503


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст