«Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Аршалы кентінің Жұмабек Тәшенов атындағы жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Жумабека Ташенова поселка Аршалы отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Оқушылар үшін ең қызықты мезгіл — жаз маусымы.

07.06.2024

Оқушылар үшін ең қызықты мезгіл — жаз маусымы. Үш ай демалыс кезінде балалар алаңсыз асыр салып ойнап, бір жасап қалады. Оқушылардың дені өздері оқитын мектеп жанындағы лагерьлерге баратыны белгілі. Мектеп жанында киіз үй құрылып, қазан-ошақ орнатылды, алтыбақан құрылды. Жаз уақытында 100 ден аса оқушы бала тегін дем алады деп жоспарлауда. 
Этнолагерде әр күн жоспарланған. Қыздар жағы нан илеп, бауырсақ пісіруді үйренеді. Сондай-ақ оқушылар бұл жерде жүн түту, алаша тоқу, қамшы өру секілді қол өнерімен танысады. Бесасық, асық ату, сақина тастау, сиқырлы таяқ секілді ұлттық ойындар ойнап, қазақтың ауыз әдебиетімен танысады. Лагердің басты мақсаты балалардың демалысын қызықты, әрі пайдалы етіп ұйымдастыру. Ата-бабамыздан қалған салт-дәстүрді дәріптеп, насихаттау. Балаларға, оқушыларға ұмыт бола бастаған дәстүрлерді үйрету және көрсету. Ж.Тәшенов атындағы жалпы білім беретін мектеп жанындағы күндізгі «Бәйтерек» этно жазғы лагерінің ашылу салтанаты өтті. Таңертеңнен бастап  мектептің аумағында музыка шырқалды.Қызықты лагерь өмірі басталғанына балалардың көңілі көтеріңкі және жайдары болды. Лагерьдің ашылуында мектеп директоры Г.Байдилдина. құттықтау сөз сөйлеп, балаларды жазғы лагерь жұмысы кезеңінде жоспарланған негізгі іс-шаралармен таныстырды, сонымен бірге жазғы демалыс кезінде қауіпсіздік шарасын сақтаулары туралы еске салды.Лагердің ашылу салтанатында балалар ән айтып, би билеп өздерінің өнерін көрсетті. Сонымен қатар, әртүрлі спорттық ойындар мен жарыстар өтті. Қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татып, ыстық бауырсақтар таратылды.Шарадан соң балалар әр түске топтарға бөлініп, мектеп асханасындағы мерекелік дастарханнан дәм тартты. Оқушыларды топ жетекшілері және тәлімгерлері белгіленген кабинеттеріне апарып, күн тәртіптерімен таныстырып, кітапхана, мектеп психологтары және медбике топтармен танысты.Жасөспірімдер мен балалардың жаз мезгілінде денсаулықтарының сауықтырылып, өмірлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, шығармашылықтарын дамытып, өсіру — бүгінгі күннің басты міндеті. Лагерьге келген балалар әртүрлі шараларға қатысып, ой-өрістерін дамытып, талай-талай танымдық дүниелермен танысады.Қалай десек те, жаз бойы балалардың көзден таса болмай, уақыттарын тиімді өткізуіне тек мектеп қана емес, ата-ана, жалпы қоғам болып атсалысуымыз қажет. Барлық балаларға тамаша жазғы демалыс тілейміз! Уақыттарыңызды көңілді өткізуге, барлық жақсы қабілеттеріңізді көрсетуге, денсаулықтарыңызды нығайтуға, тамаша демалуға және жаңа достар табуға тілектеспіз.

https://www.facebook.com/100023750792284/videos/446548444663057/

Просмотров: 1146


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст