Ақмола облысында «Мектепке жол» акциясы басталады
«Мектепке жол» дәстүрлі республикалық акциясы 1 тамызда басталып, 30 қыркүйекте аяқталады деп жоспарлануда. Акцияның мақсаты - аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмей қалуының алдын алу. Акцияның екі негізгі бағыты бар: ұйымдастырушылық-гуманитарлық және ақпараттық-насихаттық.
Ұйымдастыру-гуманитарлық бағыты ұйымдастыру комитеттерiн құруды, бiлiм бөлiмдерiнiң мамандары үшiн кеңестер өткiзудi, рейдтер мен қайырымдылық акцияларын және мектеп жәрмеңкелерiн өткiзудi, сондай-ақ елдi мекендерге барып мектеп киiмiнiң құнына мониторинг жүргiзудi және басқа да жұмыстарды қамтиды. Ақпараттық-үгіт бағыты - кең ауқымды PR-науқанды ұйымдастыру, сондай-ақ әлеуетті демеушілерді тарту.