2024 жылы 28 тамызда "«Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Аршалы кентінің Жұмабек Тәшенов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» " КММ базасында инклюзивті білім беруді қолдау кабинетінің ашылуы өтті.
Бүгінгі таңда кабинеттің жұмыс істеуі үшін қажетті жабдықтар толығымен орнатылды.
Инклюзияны қолдау кабинетін ашу туралы бұйрық бар, лауазымдық міндеттер, мамандар әдістемелік материал дайындау бойынша жұмыс жүргізуде. Алты баладан тұратын ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға оқыту психофизикалық даму ерекшеліктері мен ПМПК ұсынымдарын ескере отырып жүзеге асырылады.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды патриотизмге, еңбекқорлыққа және білімге тәрбиелеу мақсатында біз басты құндылыққа қол жеткізе аламыз.
Инклюзивті білім беру жүйесін дамыта отырып, біз қоғамдағы инклюзивті балалардың дамуына жол ашамыз.