«Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Аршалы кентінің Жұмабек Тәшенов атындағы жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Жумабека Ташенова поселка Аршалы отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2020-2021 оқу жылында «Ж.Тәшенов атындағы орта мектеп» КММ-де «Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясы

29.10.2020

2020-2021 оқу жылында «Ж.Тәшенов атындағы орта мектеп» КММ-де «Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясы бойынша

өткізілген іс шара есебі.

Акцияның мақсаты – оқушыларды білім алу орнына тасымалдауды ұйымдастыруда қауіпсіз жол қозғалысын қамтамасыз ету. Сондай-ақ балаларды мектеп автобусымен тасымалдауды жүзеге асыру барысында жол-көлік оқиғасының алдын алу.

Акция барысы туралы жоспар құрылып бекітілді.

Жаңа оқу жылы басталған соң «Қауіпсіз мектеп автобусы» акциясы барысында індет кезінде оффлайн оқып жатқан оқушылардың тасымалдануына байланысты мектеп автобусы эпидемиологиялық талаптарға сай дайындын жүргізіп, оқушыларға автобуста өзін – өзі ұстау тәртібі түсіндірілді.

    

Мектептік тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметін зерделеу осы талаптарға сәйкес жүргізілді

 

 

 

 

  • автокөліктің техникалық талаптарға сәйкестігін, балаларды білім беру мекемелеріне тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын автокөліктердің техникалық байқаудан өтуін, жүргізушілердің құрамын (тиісті санаттарының болуына, жүргізушінің өтілі, жолда тәртіп сақтау әдеттері) тексеру, қозғалыс схемасының бар болуы;

 

+

 

  • мектепке кірме жолдарының қауіпсіздігі (аумақты жарықтандыру, «Балалар» белгісінің бар болуы, жаяу жүргіншілерге арналған өткелдерді, «жатқын полицейлер» жасанды жол кедергісін және т.б. құру);

 

+

 

  • балаларды тасымалдайтын көлік құралдарында (автобустарда) арнайы жарық (жарық түсіргіш шамшырақшалар) және дыбыс сигналдарының бар болуы;

 

+

 

  • мектепке кірме жолдарында, жаяу жүргіншілерге арналған өткелдердің маңында қолданыстағы бейнебақылау камераларының бар болуы;

 

+

 

  • жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуын болдырмау туралы және жол қозғалысының қауіпсіздігі тақырыбында мектеп автобустарының жүргізушілерімен нұсқамалар жүргізу, сондай-ақ балаларды көлік құралдарына отырғызу және түсіру кезінде мектеп автобустары жүргізушілерінің міндетті түрде апаттық дабыл қағуды қолдану

 

+

 

Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзу фактілері болған жағдайда, оның ішінде мектептерге және үйге қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің «сенім» телефонына хабарласуларыңызды сұраймыз: 8 (7172) 742528.

  

Мектеп оқушылары жолда жүру ережелерімен қосымша танысып , кез келген сұрақтарына жауап алды

  

Сонымен қатар мектеп медбикесі Ашурбаева Динара оқушыларға карантин уақытында сақтық шараларымен таныстырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

  

Акция шеңберінде өткізілетін әр іс-шара оқушылардың өзінің өміріне жауапкершілікпен қарауды  қалыптастыруға және жауапты мінез-құлық дағдылары мен қауіпсіз өмір салтын қалыптастыруға бағытталған.

Барлық шара мектеп Жұмабек Тәшенов Мектебі фэйсбук парақшасына жарияланып жатыр.

Просмотров: 297


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст