«Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Аршалы кентінің Жұмабек Тәшенов атындағы жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Жумабека Ташенова поселка Аршалы отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бракеражды комиссия отырысы 2024

11.09.2024

Бүгін мектебімізде ата-аналар арасында тамақтану сапасының мониторингі  бойынша бракеражды комиссия отырысы болып өтті. Отырысқа әр сыныптан ата-аналар комитеттері қатысты. Мектеп директоры Г.М.Байдилдина ата –аналарды 2024-2025 оқу жылының басталуымен құттықтап, күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырып, балалардың денсаулығына тікелей әсер ететін тамақтану туралы айтып өтті. Күн тәртібіне сәйкес тамақтандыру сапасының мониторинг комиссия мүшелерін тағайындау, ас мәзірі бойынша тамақ сапасын қадағалау, тамақтандыру сапасын күнделікті бақылау үшін кезекшілік құру туралы мәселелер талқыланды. Әлеуметтік педагог  Г.С. Жангабулова мектеп асханасындағы ас мәзірлері мен тамақ өнімдерінің сапасына, тағамдарды дайындау технологиясына, азық-түлік пен дайын тағамдарды сақтау шарттарымен  оқушылардың тамақтану сапасы бақылау,қадағалау  жұмыстары жүргізіліп жатқанын баяндады. Қорытындылай келе комиссия мүшелері тағайындалып, алдағы уақытта бракеражды комиссиясы кезекшілік кестесіне сәйкес жұмысын жалғастыратын болады.

  

Просмотров: 222


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст